2027 жылы Ораза нешесі басталып, Қадір түні қашан болады?

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
105

2027 жылы қасиетті Рамазан айы 8 ақпанда басталып, 8 наурызда аяқталады. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы (ҚМДБ) жариялаған діни күнтізбеге сәйкес, мұсылман қауымы 9 наурызда Ораза айт мерекесін атап өтеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Ал қасиетті Қадір түні 5 наурыздан 6 наурызға қараған түнге сәйкес келеді. Ислам дінінде бұл түн ерекше қадірлі саналады. Мұсылмандар Қадір түнінде құлшылық жасап, дұға оқып, кешірім тілеп, қайырымдылық жасауға мән береді. 

Сонымен қатар 2027 жылы Арапа күні 15 мамырға, ал Құрбан айт мерекесі 16–18 мамыр аралығына жоспарланған.

ҚМДБ мәліметінше, бұл күндер халықаралық астрономиялық есептеулер негізінде алдын ала белгіленген. Хижри айлардың басталуы айдың көрінуіне байланысты болғандықтан, діни мерекелердің мерзімі бір күнге өзгеруі мүмкін. Сондықтан нақты күндерді ҚМДБ-ның ресми хабарламаларынан қадағалау ұсынылады.

Сондай-ақ, ҚМДБ-ның 2027 жылға арналған күнтізбесінде басқа да маңызды діни күндер көрсетілген. Атап айтқанда, Ашура күні 15 маусымға, ал Мұхаммед пайғамбардың дүниеге келуіне байланысты атап өтілетін Мәуліт түні 14 тамыздан 15 тамызға қараған түнге сәйкес келеді. 

PESTEL

Канаданың Альберта провинциясында орналасқан Уэйнрайт әскери базасының аумағына дала өрті таралып, т...

СПОРТ

Қазақстандық пара дзюдошы Ибрагим Нұрмаханұлы Жапонияның Аичи-Нагоя қаласында өтіп жатқан V Пара Ази...