Балаева Халықаралық ҮЕҰ күнімен құттықтады

ЖАҢАЛЫҚТАР
1984

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева үкіметтік емес ұйым өкілдерін төл мерекелерімен құттықтады, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Бүгін – Дүниежүзілік үкіметтік емес ұйымдар күні.

Қазақстанда үкіметтік емес сектор әлеуметтік мәселелерді шешу мен азаматтық бастамаларды жандандыруда мемлекеттің сенімді серіктесі болып келеді. Мемлекет басшысы ҮЕҰ рөлін ерекше атап көрсеткен. Олар халықтың өмір сүру сапасын жақсарту мен азаматтық қоғамның рөлін күшейтуде маңызды рөл атқарады, - деді министр.

Ол қазір елімізде ҮЕҰ-ды мемлекеттік қолдау тетіктері қалыптасқанын атады. Оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттық қаржыландыру және марапаттау бар.

Қазір 23 мыңнан астам ҮЕҰ бар, оның 18 мыңы белсенді жұмыс істейді. Қоғамдағы әлеуметтік мәселелерді шешуде үлкен рөл атқаратын азаматтық белсенділерді Халықаралық үкіметтік емес ұйымдар күнімен құттықтау мен үшін үлкен мәртебе! Азаматтық қоғам жауапты, берекелі болсын! Еліміздегі азаматтық қоғамды дамытудағы маңызды және негізгі міндеттерді жүзеге асыруда баршаңызға сәттілік, шығармашылық табыс, және кәсіби белсенділік тілеймін, - деді Балаева.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алда Жаңа жыл мерекесі жақындап келе жатқандықтан, кейбір адамдар арасында оны атап өтуге бола ма, б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында кешелі бері қатты жел соғып, дауыл тұрды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Салдарын...