Үйдегі кезекті жинау жұмысы қайғылы жағдаймен аяқтала жаздады: Алматыда салмағы 400 келіге жуық жылжымалы есік адамның үстіне құлаған. Зардап шеккен адам сүйек сынығы болуы мүмкін деген күдікпен дәрігерлерге жеткізілді, деп хабарлайды tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
400 келі жылжымалы есік құлаған: Блогердің үйін тазалау кезінде күтпеген жағдай орын алды
Фото: видеодан скриншот
Қазақстандық актриса, блогер әрі әнші Дарья Александрова әлеуметтік желідегі парақшасында оқиға туралы видео жариялады. Оның айтуынша, клининг компаниясы қызметкерлерінің бірі ауыр жарақаттан аман қалған. Белгілі болғандай дәрігерлер оған "дененің соғылуы" деген диагноз қойған.
"Бізде салмағы 400 келіге жуық жылжымалы есік құлап кетті. Үйімізде бізді таптап кете жаздайтын мұндай қауіп болады деп ойламаппыз. Егер бұл жағдай түнде, біз бен бір жасар қызымыз ұйықтап жатқанда болса не боларын ойлаудың өзі қорқынышты", - деп бөлісті ол.
Оқиғадан кейін үй иелері полиция мен терезе және жылжымалы есіктерді орнатқан компания өкілдерін шақырған. Дарьяның сөзінше, мамандар алдымен бұған үйдің шөгуі себеп болуы мүмкін деп болжаған. Алайда тексеруден кейін үйдің шөгу белгілері анықталмаған.