Аймағамбетов маңызды мәлімдеме жасады

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
86

Құрылтай депутаты Асхат Аймағамбетов колледждерде, үйірмелерде, лагерьлер мен балалар орталықтарында қант, тұз және зиянды майы көп тағамдарды сатуды шектеуді ұсынды. Мектептерде мұндай шектеулердің бір бөлігі қазірдің өзінде бар. Депутат сол талаптарды басқа балалар ұйымдарына да қолдануды көздеп отыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Аймағамбетовтің мәліметінше, Қазақстанда 5 пен 9 жас аралығындағы әр төртінші балаға жуығының салмағы артық. Ал 2025 жылы балалар мен жасөспірімдер арасында 2-типті қант диабетінің мыңнан астам жағдайы тіркелген.

Депутат қант, тұз немесе зиянды май мөлшері жоғары өнімдер туралы ескертуді алдымен дүкендегі баға жапсырмасына жазуды ұсынды. Ал ескертуді қаптамаға шығару мәселесін Еуразиялық экономикалық одақ деңгейінде көтеру жоспарланып отыр.

Энергетикалық сусындарды касса маңындағы сөрелерден алып тастау, жеткізу кезінде сатып алушының жасын тексеру және балаларға бағытталған жарнаманы шектеу де ұсынылды. Аймағамбетовтің айтуынша, заң жобасы фастфудқа жаппай тыйым салуды көздемейді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстанда жаңа кадрлық тағайындау болды. Айбек Жексеналыұлы Сыдыков Қазақстан Республикасы Президе...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде студенттерге қысым көрсету және мәжбүрлі түрде ақша...