54 жолаушысы бар автобус жүк көлігіне соғылды: үш адам қаза тапты

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
193

Индонезияда туристік автобус пен жүк көлігі соқтығысып, үш адам мерт болды. Тағы 19 адам жарақат алған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Апат 18 қазанда Шығыс Ява провинциясының Нгави ауданындағы ақылы тасжолда болған. Полиция мәліметінше, ішінде 54 жолаушысы бар автобус Сурабая қаласынан Нгавиге қарай бара жатқан.

Соқтығыс салдарынан бір адам оқиға орнында көз жұмған. Тағы екі адам ауруханада ем қабылдау кезінде қайтыс болған.

Куәгерлердің айтуынша, жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, жүргізуші жол жиегіне тоқтаған. Кейін оған туристік автобус соғылған. Жергілікті полиция екі жүргізушінің де сақтық шараларын жеткілікті сақтамағанын хабарлаған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

18 қазанға қараған түні Ресейдің Санкт-Петербург қаласы мен Ленинград облысына дрондар шабуылдағаны...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әнші Аймира Аман актер Олжас Абаймен отбасылық өмірі туралы сұхбатында өзіне қол көтерген кездері бо...