Қазақстандықтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүргізушісіне көлік сыйлайды

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
418

Қазақстандықтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жүргізушісіне көлік сыйлайды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қазақстандықтар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу және жабылу салтанатын жүргізген Айзаде Жамгырчиеваға автокөлік сыйламақ.

Бұл туралы Шолпан-Атадағы «Көк-Бөрү» аренасында көк бөрі мен көкпардан жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде белгілі болды.

Қазақстан Көкпар федерациясының президенті Айзаде Жамгырчиеваға Ойындардың ашылу салтанатында Қазақстанды жоғары деңгейде таныстырып, кәсіби шеберлігімен ерекшеленгені үшін автокөлік табысталатынын айтты.

Айта кетейік, жүргізушінің Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылуында Қазақстан құрамасын таныстырған сәті әлеуметтік желіде кеңінен талқыланып, қазақстандықтардың жылы пікіріне ие болған еді.

 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...