Алматыда тұмауға қарсы тегін екпені кімдер ала алады

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
162

Алматы қаласына тұмауға қарсы 250 мың доза вакцина сатып алынған. Бұл көлем тәуекел тобына кіретін тұрғындарды толық қамтуға жеткілікті. Бұл туралы Алматы қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы басшысының орынбасары Гаухар Каткенова мәлімдеді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оның айтуынша, тегін вакцинация халықтың шамамен 10 пайызын қамтиды және ең алдымен қауіп тобына жататын азаматтарға арналған.

250 мың доза вакцина тәуекел топтарын толық қамтуға жеткілікті. Тегін екпе медицина қызметкерлеріне, диспансерлік есепте тұрған және жиі ауыратын алты айдан асқан балаларға, жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйлерінің тәрбиеленушілеріне, әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелердің алушыларына, жүктіліктің екінші және үшінші триместріндегі әйелдерге, жүрек-қан тамырлары жүйесінің созылмалы аурулары бар адамдарға және медициналық көрсетілімі бар өзге де азаматтарға салынады, – деді Гаухар Каткенова. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ерлан Қошанов Қазақстан Халық Кеңесінің төрағасы болып сайланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz....

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астана – Павлодар тасжолында болған ауыр жол апатынан кейін екі аяғынан айырылған 20 жастағы с...