679 грамм болып дүниеге келген шақалақ аман қалды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
37

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Сәби 8 тамызда жүктіліктің 26-аптасында дүниеге келген. Анасына шұғыл кесарь тілігі жасалған.

Нәресте 70 күн реанимацияда жатты.

Ұзаққа созылған ем мен күтімнің нәтижесінде оның жағдайы жақсарып, реанимациядан шығарылды.

Қазір сәбидің салмағы 1,8 келіге жеткен. Үш күннен бері анасымен бір палатада жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қарағандыда көпбалалы әйел мен құрбысы 461 адамды алдап, 700 млн теңгеден астам ақша алған, деп хаба...