Алапат өрттен 6 адам тіл тартпай кетті

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1262

Түркияда парфюмерия қоймасынан шыққан өрттен алты адам қаза тапты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Түркияның солтүстік-батысындағы Коджаэли провинциясының Дильовасы өнеркәсіп аймағында парфюмерия және косметика өнімдері сақталған қоймада ірі өрт болды.

Төтенше жағдай таңертең жанғыш химиялық заттар сақталған қоймада басталған. От жылдам таралып, ғимарат толықтай өртеніп кеткен.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрт салдарынан 6 адам қаза тауып, тағы бір адам жарақат алған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...