Абай облысында 50 жолаушысы бар автобус аударылып қалған

ашық дереккөздерден

ЖАҢАЛЫҚТАР
117

Семей — Қайнар автожолында, Знаменка ауылы маңында 50 вахташымен келе жатқан автобус аударылып қалды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

 Алдын ала деректер бойынша, жүргізуші көлікті жолдан шығарып алған. Оқиғаға Абай облыстық полициясының өңірлік баспасөз қызметі түсініктеме берді.

Редакцияға жол-көлік оқиғасы орнынан түсірілген бейнежазба жіберілді. Кадрлардан автобустың жол бөлігінен шығып кетіп, жол жиегінде қырымен аударылып қалғаны көрінеді. Абай облысы полициясының мәліметінше, апат 31 қаңтар күні Семей – Қайнар автожолының 62-шақырымында, Знаменка ауылы маңында болған.

«Алдын ала деректер бойынша, 52 жастағы жүргізуші басқарған SETRA маркалы жолаушылар автобусы кюветке түсіп кетіп, кейін қырымен аударылған. Салонда вахтаға бара жатқан жұмысшылардан құралған 50 жолаушы болған», – деп хабарлады Абай облысының полициясы.

Полицияда зардап шеккендердің «өміріне қауіп төндірмейтін дене жарақаттарын алғанын» нақтылады. Олардың барлығына медициналық көмек көрсетілді.

«Аталған факт бойынша тексеру басталды. Оқиғаның барлық мән-жайы мен себептері анықталуда», – делінген ресми хабарламада.

Полиция қызметкерлері жүргізушілерді жылдамдық режимін қатаң сақтауға, жол және ауа райы жағдайларын ескеруге, сондай-ақ қыс мезгілінде қала сыртындағы трассаларда ерекше сақ болуға шақырды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Биыл көктемде Қазақстанның бірқатар өңірінде су тасқыны қаупі туындауы мүмкін, деп хабарлады MadeniP...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда «Қайрат» футбол клубының үш ойыншысы ректордың грантына ие болды, деп хабарлады...