Акуламен суретке түскісі келген балықшы ауруханаға түсті

Фото: ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
1651

Акуламен суреткп түскісі келіп ауруханаға түсіп қалғар балықшы аман қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Флорида штатының тұрғыны Шон Маас лимон акуласымен селфи жасамақ болғанда жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. 

Маас 2025 жылдың 20 тамызында достарымен туған күнін атап өту үшін теңізге балық аулауға шыққан. Олар акуланы қармаққа түсіріп, қайта теңізге жібере берген сәтте, ер адам суретке түсу үшін оның тұмсығынан ұстап қалады. People басылымының жазуынша, дәл сол сәтте жыртқыш бұлқынып шығып, балықшыны аяғынан тістеп алып, суға қайта сүңгіп кеткен.

Достары алғашқы медициналық көмек көрсетіп, қан кетуді тоқтатып, құтқарушыларды шақырған. Зардап шеккен адам тікұшақпен шұғыл түрде ауруханаға жеткізіліп, оған күрделі операция жасалды. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Бүгінгі отырыста қ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада фельдшер Ұлдана Мырзуанның қазасына қатысты сот процесі жалғасып жатыр. Кезекті отырыста құ...