Жамбыл облысында жергілікті тұрғын бес банктен алған кредиттерін төлей алмай, соттан көмек сұрады, д...
Астанадағы автобус апатынан аяғынан айырылған қыз бала ауруханадан шықты
Фото Tengrinews.kz
Астанада автобуспен болған жол апатынан кейін аяқтарынан айырылған Алуа есімді қыз баланы оңалту орталығынан шығарды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.
Бұл туралы Tengrinews.kz жазды.
Tengrinews.kz тілшісі 7 жастағы Алуа Бекеннің анасымен сөйлесіп, баланың қазіргі жағдайы мен протезге дайындық барысы туралы білді.
— Қазір бәрі жақсы. 18 шілде күні бізді оңалту орталығынан шығарды. Қазір демалып жатырмыз. Жақында протездермен жұмыс бастаймыз, оңалтуды басқа жерде жалғастырамыз, — деді қыздың анасы.
Оның айтуынша, Алуа жақын арада протез орнатуға дайындықты бастайды. Қыздың эмоционалды жағдайы да тұрақты.
— Қызымның жағдайы жақсы, өзін қалыпты сезінеді. Бізге алты айға төрт бөлмелі пәтер берілді (оңалту кезеңіне – ред.). Бізге пәтер сыйға берілді, бірақ құрылыс қазан айында аяқталады, — деп қосты анасы.