Аналары жұмбақ жағдайда мерт болған 7 балаға Шымкенттіктер үй алып берді

Фото: ulysmedia.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
316

Халық Шымкентте аналары жұмбақ жағдайда үшінші қабаттан секіріп мерт болған әйелдің жеті баласына үй алып берді, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Бұл туралы журналист Гүлмира Әбіқай жазды. 

Айлардың сұлтаны оразада тағы бір қайырымды істі артқа тастадық. Екі апта бұрын кенеттен панасыз қалған 7 бала көмек сұраған еді. Анасы белгісіз жағдайда 3-ші қабаттан секіріп қайтыс болды. Әкесі бұл өлімге күдікті деп қамалды. Баланың үлкені 20-да, кішісі 2-де. Төбесінен жай түскендей сәтте кәмелетке толмаған 5 бауыр мемлекет қарауына өтті. Тарыдай шашыраған 7 баланың басы қосылу үшін үй қажет. Осы жайлы жазғаным сол екен, 2 тәулікте жетерлік қаражат жиылды. Шымкент ортасынан 3 бөлмелі пәтер сатып алып, ересек қызға рәсімдедік. 5 бауырдың басын қосып, бәрі әпкесінің қамқорлығына өтті. Қала орталығы, жайлы аудан, жаңа үй. Аулада 6 мектеп, 4 бақша бар, деп жазды журналист. 

Сонымен қатар, балалар еш кедергісіз мектеп, бақшаға орналасады. 

"Тегін ұсынылған 40-тан аса үйірмеден қалағанын таңдайды. Екі әпкесі де 6 жастан жұмыс істеп үйренген, шаруа таңдамайды. Бірі даяшы, бірі тігінші", - дейді Гүлмира Әбіқай. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тележүргізуші Динара Сәтжан Наурыз мейрамын Сарыағашта атап өтіп, енесін көрсетті, деп хабарлайды MA...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елшілік әлеуметтік желілерде демонстрациялар (митингтер) туралы ақпаратты және оқиғаға қатысты жеке...