Әлем чемпионатында қос бірдей алтын алған чемпионға әкімдік бокал сыйлады

Фото: alash.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2875

Паралимпиададан әлемнің 7 дүркін чемпионына әкімдік бокал сыйлаған, деп хабарлайды madeniportal.kz. 

Зарина Примак тамыздың 16-25 аралығында Молдова елінің Кишинёв қаласында өткен Пара армрестлингтен әлем чемпионатында әйелдер арасында сол қолдан алтын, оң қолдан да алтын алып, жеті дүркін әлем чемпионы атанған.

Caravan.kz мәліметінше, әлемдік додадан жүлделі орынмен оралған чемпионды Абай облысы, Жарма ауданының әкімі арнайы құттықтап, бокал сыйлаған. Аудан әкімдігі құттықтау сәтінен түсірілген фотоны желіге жүктеп, артынша өшіріп үлгерген.

Алтынды ыдыспен бағалаған аудан әкіміне желі қолданушылары ашулы.

”Екі медальды 3500 теңгеге бағалаған ба?”, “Бұл жерде әкімнің миы шектеулі болып тұр”, “Сол бокалдар есеп бойынша қанша миллионға бағаланды екен”, “Жарма әкімі жарымаған екен”, “Үй мен көлікті осындай спортшыларға бермей ме”, “Өте ұят тірлік болыпты”, — деп жазды желіде пікір қалдырушылар. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген Оман Сұлтаны Хайса...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметтерді цифрландыруға байланысты Халыққа қызмет көрсету орталықтарының (ХҚКО) қызмет...