"Сирияда ма?": Атыраудағы қылмысқа күдіктінің әкесі ұлымен соңғы рет қашан байланысқанын айтып берді

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
1609

Атырау облысында із-түссіз жоғалып кеткен отбасыға қатысты "Qazaq Airan" YouTube арнасы жаңа деректермен бөлісті, деп хабарлады MadeniPortal.kz. 

Бұл туралы Politico.kz жазды. Сұлтанның әкесі Самиғолла Сәрсемәліұлы ұлымен соңғы рет қашан байланысқанын айтып берді.

Сұлтан соңғы рет қарашаның 30-да қызымның баласының, яғни жиеннің туған күніне мектепте оқитын қыз бен ұлды алып кетті.

Оларға қыстық сырт киім мен аяқ киім алып беріп, ауылға келетін көліктерге салып жіберген. Негізі өзім онымен көп сөйлеспеймін, аман ба аман, былай көп шаруамыз да жоқ, телефон соқпаймын. Анасымен сөйлесіп жатады. Соңғы рет байланысқанымыз сол қарашаның соңы, дейді әкесі.

Арна жүргізушісі Сұлтанның Сирияда болу мүикін деген пікір барын айтып, оны жоққа шығармайды. Себебі, оның әпкесі мен жездесі кезінде Сирияда болып келген.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Wildberries логистикалық орталықтарына жасалған шабуылдар салдарынан 100-ден астам қазақстандық кәсі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Шымкентте Нұрай Серікбайдың қазасына байланысты қылмыстық іс бойынша сот отырысы жалғасып жатыр. Сот...