Алматыда әлеуметтік нан бағасы бекітілді

Фото: Алматы әкімдігі

ЖАҢАЛЫҚТАР
102

Қалада әлеуметтік маңызы бар азық-түліктің бағасын тұрақтандыру жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы мен «АЛМАТЫНАН» нан комбинаты әлеуметтік нан өндіру жөнінде келісім жасасты.

Бұл нені білдіреді:

— 3,8 миллионнан астам бөлке нан өндіріледі;

— өндірушінің сату бағасы 130 теңге болып белгіленді;

— сауда үстемесі 15 пайыздан аспайды;

— кейбір дүкенде нан үстемақысыз сатылады.

Тұрақты баға 2027 жылы мамырға дейін сақталады.

Әлеуметтік нанды ірі сауда желілері мен шағын дүкендерден сатып алуға болады.

Сондай-ақ, Алматыда өзге де әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасын тұрақтандыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырылып жатыр.

«Сары-Бұлақ» құс фабрикасының бірінші санаттағы жұмыртқасы бір данасы 59 теңгеден аспайтын бағамен сауда желілеріне жеткізіледі. Оларды Magnum, Small, Metro, A-store желілерінен және «Алатау-құс» фирмалық дүкендерінен сатып алуға болады.

Тауық етіне де тұрақты баға белгіленген.

«Алатау-құс» фирмалық дүкендерінде сан еті мен жіліктелген санның келісі 1100 теңгеден, ал сирағы 1650 теңгеден сатылып жатыр.

Nauryz Agro KZ компаниясымен жасалған келісім аясында сан еті мен жіліктелген санның бағасы бір келісі үшін 1300 теңге деңгейінде тұрақтандырылды. Magnum Cash&Carry желісінде бұл өнімді келісіне 1495 теңгеден аспайтын бағамен сатып алуға болады.

Тұрақты бағалар үш жылға дейін сақталады.

Бұған қоса, «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы 4500 тонна қант сатып алды. Оның сату бағасын өндіруші бір келісі үшін 405 теңге деп белгілесе, ал сауда үстемесі 10 пайыздан аспайды.

ӘДЕБИЕТ

Алматы әкімі Дархан Сатыбалды Мемлекет басшысының атынан ақын әрі қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовт...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысының атынан Алматы әкімі Дархан Сатыбалды көрнекті ақын, жазушы әрі қоғам қайраткері...