Бүгін даңқты қолбасшы, әскери қайраткер, жазушы, Кеңес Одағының Батыры, Қазақстан Республикасы...
«Олар отбасылық өмірімізге араласты»: Қандықол күйеубала не үшін мұндай тірлікке барғанын айтты
Фото: әлеуметтік желі
Атырауда бүтін бір отбасыны өлтірді деген күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев неліктен қылмыс жасағанын айтты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Ол жары Ақбаян Мұқанғалиевамен 2016 жылы Атырау қаласында танысқан. Сосын сол жылдың мамыр айында ресми түрде некесін тіркеген. Ерлі-зайыпты бес баланы дүниеге әкелген.
Кейін олардың арасында бірге тұруға қатысты келіспеушіліктер пайда болған. Әйелінің туыстары бөлек шығып, Ақбаянның отбасына жақын жерге қоныстануды ұсынған. Алайда Сәрсемәлиев бұған келіспей, анасын тастамайтынын айтқан.
Кейін ерлі-зайыптының қарым-қатынасы ушығып, 2022 жылы ажырасқан. Балалар анасында қалған. Мұқанғалиева үш баласымен Атырау қаласының Нұрсая ықшамауданына көшіп барған.
2023 жылдың басында Сәрсемәлиев отбасына қайта бармақ болған. Ол Атырау қаласынан үй жалдап, бұрынғы жұбайы және балаларымен қайта бірге тұра бастаған.
Ол отбасыммен қарым-қатынасымды қайта түзегім келді дейді.