Жезқазғанда компания басшылығы мен өңірдегі кәсіпорындардың жұмыскерлері арасында өткен кездесуде өн...
Шыңғыс Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды
Фото: Парламент Мәжілісі
Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Мемлекет басшысының Жарлығымен Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Алматы облысының әкімі лауазымына тағайындалды», – делінген Ақорда хабарламасында.
Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысының әкімі қызметін Марат Сұлтанғазиев атқарған. Бүгін Мемлекет басшысының Жарлығымен ол аталған лауазымнан босатылды.
Шыңғыс Әрінов туралы не белгілі?
Шыңғыс Әрінов әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің халықаралық қатынастар факультетін тәмамдаған. Сондай-ақ Қазақ еңбек және әлеуметтік қатынастар академиясы мен Азаматтық авиация академиясында білім алған.
Ол 2006-2022 жылдар аралығында Мемлекеттік күзет қызметінде түрлі офицерлік және басшылық қызметтер атқарды.
2022 жылы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары – Президент күзеті қызметінің бастығы болып тағайындалды. Шыңғыс Әрінов – Мемлекеттік күзет қызметінің генерал-майоры.
2024 жылғы ақпанда ол Төтенше жағдайлар министрі қызметіне тағайындалып, бұл лауазымды 2026 жылғы тамызға дейін атқарды.
Енді Шыңғыс Әрінов Алматы облысын басқарады.