Алматыда келін енесіне қол көтерген

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
451

Адвокат Тлеужан Кішкенбаев Алматыда келінінен таяқ жеген енеге қатысты жағдайды айтып берді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Келінінің қолынан зәбір көрген әйелдің айтуынша, бұл оның алғаш рет соққыға жығылуы емес. Алайда бұл жолы алған жарақаты ауыр болған.

«Дәретханаға кіргенімде артымнан келіп ұрды. Соның салдарынан көзім көгеріп қалды. Бұл бірінші жағдай емес, бұған дейін де ұрған. Бірақ осы жолы қатты жарақат алдым. Мені нақты үш рет ұрды. Балам екеуі бірігіп, маған психологиялық қысым көрсетеді. Оқиғадан кейін келесі күні полицияға арыз жаздым. Алайда нақты шара қолданылған жоқ», – деді жәбірленуші ене.

Адвокаттың сөзінше, полиция аталған жағдай бойынша әзірге ешқандай шара қабылдамаған. Тлеужан Кішкенбаев істі соңына дейін жеткізіп, жәбір көрген әйелге құқықтық тұрғыда қолдау көрсететінін мәлімдеді.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...