Оппозициялық саясаткер болған Төлен Тоқтасынов қайтыс болды

Фото: ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
2217

Мәжілістің бұрынғы депутаты, кейін оппозициялық саясаткер болған Төлен Тоқтасынов қайтыс болды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Төлен Тоқтасынов үш күннен кейін 62 жасқа толар еді. Оның кейінгі айларда ауыр сырқаттанғаны айтылады.

Төлен Мұхамедиұлы Тоқтасынов — қазақстандық саясаткер, Қазақстан Мәжілісі 2-ші шақырылымының депутаты әрі Қазақстанның демократиялық таңдауы партиясы (2018 жылы Қазақстан билігі экстремистік ұйым деп таныған) құрылтайшыларының бірі.

Тоқтасынов кейін Қазақстанның компартиясының (2015 жылы Алматы сотының шешімімен жабылған) екінші хатшысы болды. 2005 жылдың аяғында кезектен тыс президент сайлауы кезінде Жармахан Тұяқбайдың сайлауалды штабының жетекшісі болды. Ұзақ уақыт Моңғолияда тұрды.

Саясаткерді туған-туыстары туған жері Семейде жерлемек. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев президент сайлауы қазіргі Конституцияға сәйкес 2029 жылы өз мер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облыстық перинаталдық орталығында сирек әрі қуанышты оқиға болды. Бір мезетте дерлік екі үшем...