Мәскеу облысындағы қала маңындағы пойызда бес жасөспірім қыз зорлаған, деп хабарлайды Madeniportal.k...
Алматыда тұраққа талас адам қазасымен аяқталды: тың дерек шықты
Фото: ЖИ
Алматыда көлік қоятын орынға байланысты шыққан жанжал адам өлімімен аяқталды. Оқиға 4 қазанда болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Марқұмның туыстарының айтуынша, Данил сол күні ұлы және достарымен қала сыртына демалуға кеткен. Үйіне оралған соң, көлік қоятын орында өзге автокөліктің тұрғанын көріп, көршісінен оны алып тастауды сұраған.
Осыдан кейін екеуінің арасында сөзге келіспеушілік туып, соңы төбелеске ұласқан. Жақындарының сөзінше, көршісі ағасын көмекке шақырған. Келген ер адам Данилдың мойнына пышақ сұққан.
Туыстары марқұмның бұл көршісімен бұрын араласпағанын, екеуінің арасында бұған дейін жанжал болмағанын айтады. Олардың мәліметінше, күдіктінің отбасы көрші үйден пәтер жалдап тұрған. Оқиғадан кейін отбасы асығыс көшіп кеткен.
Полиция дерегінше, қылмыстық іс қозғалып, 37 жастағы күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.