Ұшақ апатынан тірі қалған жолаушы оқиғаның қалай болғанын айтты

Фото: Qaz365.kz

Жаңалықтар
822

Ақтау маңындағы әуе апатынан аман қалған жолаушы Субхонқұл Рахимов оқиғаның қалай болғанын айтып берді. Оның сөзінше, ұшқыштар ұшақты Грозный әуежайына үш рет қондыруға тырысқан, бірақ қалың тұман кедергі болған, деп хабарлайды madeniportal.kz Orda.kzтілшісіне сілтеме жасап. 

«Ұшақ кенет жоғары көтеріле бастады. Қонуға жақындап келе жатқанда, қайтадан биікке көтерілді. Үшінші рет қонуға ұмтылғанда жарылыс болды. Жарылыс ұшақтың ішінде болмады, мен отырған орынның жанындағы қаптама ұшып кетті», – деді ол.

RT хабарлағандай, Рахимов құтқару жилетін киюге тырысқан, бірақ оның тесік екенін байқаған. 

«Жилетке қарасам, ішінде тесігі бар – жарылыс болған кезде сынық тиген екен. Сол сынық менің аяғымның арасынан өтіп, жилетімді тесіп шықты», – деді Рахимов.

Жарылыстан кейін ұшқыштар ұшақты Ақтау әуежайына бағыттауға мәжбүр болған. Субхонқұл Рахимов оқиға болған кезде ұшақтың артқы  бөлігінде отырғанын айтты.

Қазіргі уақытта құтқарушылар оқиға орнында жұмыс істеп, барлық мән-жайды анықтауға тырысып жатыр. 

Жаңалықтар

Қазақ-өзбек шекарасында мұнай контрабандасына арналған 450 метрлік туннель анықталды, деп хабарлайды...

Жаңалықтар

Қарағанды облысында еркін жайылымда жүрген 50-ге жуық жылқы суға батып кетті, деп хабарлайды ...