Баласын оқудан шектеген ата-ана 15 тәулікке қамалуы мүмкін

Фото: ЖИ/ MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
123

Өзбекстанда баланың тәрбиесі мен білім алуына қатысты міндеттерін орындамаған ата-аналарға қолданылатын жаза күшейтілді. Кейбір құқықбұзушылықтарды қайталағандарға 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау қарастырылған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. 

Жаңа талаптар ата-аналарға және олардың орнындағы заңды өкілдерге қатысты. Баланы тәрбиелеу және оқыту міндеттерін орындамағандарға базалық есептік шаманың 5–10 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады. Әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде құқықбұзушылық қайталанса, айыппұл 10–15 есеге дейін өседі.

Баланы діни білім алуға заңсыз тартқандарға базалық есептік шаманың 10–15 еселенген мөлшерінде айыппұл қарастырылған. Бұл әрекет бір жыл ішінде қайталанса, 15–20 еселенген мөлшерде айыппұл салынады немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау тағайындалуы мүмкін.

Ал баланың міндетті білім алуына кедергі келтірген ата-аналарға базалық есептік шаманың 15–20 еселенген мөлшерінде айыппұл салынады. Құқықбұзушылық қайталанған жағдайда айыппұл 20–30 есеге дейін ұлғаяды немесе 15 тәулікке дейін әкімшілік қамау қолданылады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Таиландтан есірткі әкелген екі қазақстандық 16 және 8 жылға сотталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда көлік қоятын орынға байланысты шыққан жанжал адам өлімімен аяқталды. Оқиға 4 қазанда болған...