Франция президенті Израильдің Газадағы операциясы өңірде тоқтаусыз соғысқа алып келуі мүмкін екенін...
Ақмола облысында көлік үш жол жұмысшысын қағып, біреуі қаза тапты
Фото: freepik
95
Ақмола облысындағы тасжолда жеңіл көлік жол жөндеу ұйымының үш жұмысшысын қағып кетті. Олардың бірі оқиға орнында көз жұмып, екеуі ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
«23 қазанда Астана – Атбасар – Жақсы автожолының 163-шақырымында Chery Arrizo 8 көлігінің жүргізушісі жолдың жүру бөлігінде болған үш жұмысшыны қағып кеткен. Олардың үстінде жарық шағылыстыратын кеудеше болмаған. Жол апаты салдарынан бір жұмысшы оқиға орнында қайтыс болып, екеуі медициналық мекемеге жатқызылды», – делінген хабарламада.
Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап, тергеу жүргізіп жатыр.