Apple корпорациясы Қытайда жаңа iPhone Air моделін сатылымға шығара алмады. Бұл туралы South China M...
Қазақ қыздарын қорлаған стримерлер 10 жылға дейін сотталуы мүмкін
Фото: Lada.kz
Тікелей эфирде қазақстандық қыздарды балағаттаған шетелдік стримерлер 15 тәулікке қамалды. ІІМ ҚК-нің 174-бабы бойынша тергеу бастады. Кінәсі дәлелденсе, 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін, деп хабарлайды MadeniPortal.kz Sn.kz-ке сілтеме жасап.
Бас прокурордың орынбасары Ғалымжан Қойгелдиевтің мәліметінше, стримерлер ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапқа тартылған.
Олар ұсақ бұзақылық бойынша 15 тәулікке қамауға алынды. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігі Қылмыстық кодекстің 174-бабы (ұлтаралық араздықты қоздыру) бойынша тергеуді бастады, – деді ол.
Әңгіме стримерлер Анар Абдуллаев пен Ренат Пашаев жайында. Онлайн-трансляция кезінде олардың айтқан дөрекі, бейәдеп сөздері кейін әлеуметтік желілерге тарап, қоғамда үлкен резонанс тудырды.
Қоғамдық сыннан кейін блогерлер көпшілік алдында кешірім сұрағанымен, бұл жағдайға құқық қорғау органдары араласты.
Сот шешімімен екеуіне де ұсақ бұзақылық үшін 15 тәулік әкімшілік қамау жазасы тағайындалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Егер кінәсі дәлелденсе, стримерлерге 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қолданылуы мүмкін.