Ақтөбеде мұнайшылар арасындағы жанжал пышақтасуға ұласты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
18

Ақтөбе облысында мұнай саласының екі жұмысшысы арасындағы жанжал ауыр қылмыспен аяқталды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Кеңқияқ ауылында болған төбелес кезінде ер адамның бірі әріптесіне пышақ жарақатын салған. Оқиға Темір ауданындағы Кеңқияқ ауылында тіркелген.

Алдын ала мәлімет бойынша, кәсіпорынның екі қызметкері мас күйінде жанжалдасып қалған. Кикілжің соңы пышақтасуға ұласқан. Ақтөбе облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, аталған дерек бойынша денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру фактісімен сотқа дейінгі тергеу басталды.

"Кәсіпорынның екі қызметкері алкогольдік ішімдік ішкеннен кейін жанжалдасып, салдарынан бірі екіншісіне пышақ жарақатын салған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", — деп мәлімдеді ведомствоның баспасөз қызметі.

Жарақат алған 43 жастағы жұмысшы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер оған шұғыл медициналық көмек көрсеткен. Ақтөбе облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, науқас 28 сәуір күні таңғы сағат 05:00 шамасында Кеңқияқ ауылдық ауруханасына түскен.

"Қазіргі уақытта пациенттің жағдайы тұрақты ауыр деп бағаланып отыр. Барлық қажетті ем шаралары жүргізілуде", — деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі. Қазір оқиғаның барлық мән-жайы анықталып жатыр. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Екі ел делегацияларының қатысуымен өткен келіссөз барысында Президент өзара ықпалдастықты одан әрі н...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда резонанс тудырған оқиға болды: Ақкент шағынауданындағы тұрғын үйдің подъезінде ер адам қызғ...