АҚШ-тың әуежайында өртенген ұшақта қанша жолаушы болғаны белгілі болды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1815

АҚШ-та Денвер халықаралық әуежайында Майамиға ұшуға дайындалып жатқан American Express компаниясының ұшағынан өрт шықты, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

Ұшақ жүру жолағымен қозғалған сәтте ұшақтың шасси бөлігінде от тұтанып, экипаж әуе кемесін дереу тоқтатқан. 

Борттағы 179 жолаушы үрлемелі траптар арқылы шұғыл эвакуацияланды. Куәгерлердің айтуынша, ұшақ салонының артқы бөлігін түтін басып қалған. Қайтыс болғандар жоқ, бес адам жеңіл жарақат алған, ал бір жолаушы тексеру үшін ауруханаға жеткізілді.

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына техникалық ақау себеп болуы мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көксу ауданының прокуратурасы лудоманияның алдын алу және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің са...