Ақтауда 3 полицей мен 11 адам төбелісіп қалды

Фото: Видеодан алынған кадр

ЖАҢАЛЫҚТАР
4502

Ақтауда 11 құқықбұзушы ұсталып, олар бірнеше бап бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Маңғыстау облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, полиция қызметкерлерінің үш адамы жолда көлікті тоқтатып, кейін көліктен түскен ер адамдармен төбелесіп қалған.

Төбелес кезінде 11 адам полицияға қарсылық көрсеткен, ал олардың бірі қашуға тырысқан, бірақ оны ұстап үлгерген. Полицияға көмектесу үшін жетіге жуық патрульдік көлік келген.

"11 құқықбұзушы ұсталып, жауапкершілікке тартылды. Олардың бірі қосымша мас күйінде көлік жүргізгені үшін де жауапкершілікке тартылды", - деп түсіндірді ведомство өкілдері.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...