Мас ер адам Астана орталығында көліктен оқ атты

ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
579

Астанада 29 жастағы ер адам көлікте отырып, белгі беретін тапаншадан аспанға екі рет оқ атқаннан кейін жауапкершілікке тартылды, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға қоғамдық орында болған. Тексеру барысында ер адамның мас күйде болғаны анықталды.

Қоғамдық орынға мас күйде келгені үшін оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Сонымен қатар қаруды заңсыз сақтау және алып жүру дерегі бойынша материалдар сотқа жолданды.

Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, оған 10 тәулікке әкімшілік қамау жазасын тағайындады.

Полиция қоғамдық тәртіпті бұзатын және айналадағы адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіретін кез келген әрекет Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелетінін еске салды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Украина Президенті Владимир Зеленский АҚШ-тың арнайы өкілдері Стив Уиткофф және Джаред Кушнермен бір...

Шоу-бизнес

Танымал әнші Жазира Байырбекованың сіңлісі, бес баланың анасы Нәзира Байырбекова күйеуімен ресми түр...