27 желтоқсанда Эр-Риядта World Boxing ұйымының президенті әрі Қазақстан ҰОК-нің басшысы Геннадий Гол...
Ақтауда газ жарылысынан адамдар зардап шекті
ашық дереккөзден алынған
1195
Маңғыстау облысының ТЖД мәліметінше, 28 қазан күні сағат 09:03-те 32В шағын ауданындағы №83 үйде орналасқан «Асия» тұрғын үй кешенінің жертөле бөлігінде газ-ауа қоспасының жарылысы туралы хабарлама түскен, деп хабарлады MadeniPortal.kz.
Оқиға орнына департаменттің 11 қызметкері мен 4 техника бірлігі жұмылдырылды.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, үш ересек адам мен 2010 және 2015 жылдары туған екі бала зардап шеккен. Олар ауруханаға жеткізілді. Ақпарат нақтыланып жатыр.