«Екатерина Биволдың ұлтты қорлаған сөздері»: Қырғызстан — әрекет етті, ал Қазақстан — әлі үнсіз

Коллаж: MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
1925

Әлем чемпионы Дмитрий Биволдың экс-жұбайы Екатерина Биволдың қазақтар мен қырғыздарға бағыттаған қорлайтын сөзі қоғамда үлкен резонанс тудырды. Әлеуметтік желіде тараған видеода ол екі халықты кемсітіп, нәсілдік және ұлттық тұрғыда араздық қоздыруға себеп болатындай сөз айтқан, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Бұл видео шыққан сәттен бастап қырғыз және қазақстандық желі қолданушылары қатты ашуланды. Көпшілік мұндай қорлау жазасыз қалмауы тиіс деп санайды.

Қырғызстан билігі қоғам талабына тез жауап берді.

Бішкек қалалық ішкі істер басқармасы аталған видеоға қатысты тексеріс жүргізіп, Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексінің 330-бабы («Нәсілдік, этникалық, ұлттық немесе өңірлік араздықты қоздыру») бойынша қылмыстық іс қозғады.

Кейін Бішкектің Первомай аудандық соты Екатерина Биволға қатысты сырттай қамауға алу бұлтартпау шарасын бекітті. Ол қазіргі уақытта іздеуде деп жарияланды.Бұл — Қырғызстанның үнсіз қалмай, нақты заң аясында әрекет еткенін көрсетеді.

Жергілікті адвокаттар мен қоғам белсенділері биліктің бұл шешімін қолдап, «ұлттық намысты қорғау — мемлекеттің міндеті» екенін айтты.

Бұл мәселеге қазақстандық азаматтар бейжай қалған жоқ. Әлеуметтік желіде мыңдаған пікір жазылып, көпшілік Екатерина Биволдың сөзін «қазақ халқын қорлау» және «ұлтаралық араздық тудыру» деп бағалады.

Белгілі блогер Молдахан Әділетхан бұл жағдай бойынша құзырлы органдарға арыз жазғанын, бірақ әлі жауап алмағанын айтып, әлеуметтік желіде видео жариялады.

Ол бейнежазбасында:

«Сыртқы істер министрлігі қазақ пен қырғызды жамандаған Екатеринаның сөздерінен құзырлы орган ешқандай жамандық көріп тұрған жоқ па?» – деп ашына сұрады.

Алайда қазіргі уақытқа дейін Қазақстанның ресми ведомстволары – Сыртқы істер министрлігі, Бас прокуратура немесе басқа мемлекеттік органдар – бұл мәселе бойынша нақты мәлімдеме жасамаған.

Қырғызстан өз азаматтарының намысын қорғап, нақты заңды қадамға барды.

Қазақстанда да қоғам үн қатты, бірақ билік деңгейінде нақты реакция байқалмайды.

Бұл айырмашылық әлеуметтік желіде кең талқылануда:

«Қырғыз ағайындар бірден әрекет етті, ал біз не күтіп отырмыз?» деген сұрақтар жиі қойылуда.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада көпқабатты үйдің қасбеті құлаған сәтте өзгелерге көмек көрсетуге ұмтылып жүріп ауыр жаралан...