Ақтауда тегін балмұздақ алуға барған балалар адасып кетті

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
1867

Ақтауда тегін балмұздақ таратқан шарада балалар адасып қалды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Куәгерлердің айтуынша, жергілікті кәсіпкер Балаларды қорғау күніне орай балаларға арналған тегін балмұздақ пен кәмпит мақтасын таратып, ойын-сауық бағдарламасын ұйымдастырған.

Аталған акция үлкен қызығушылық туғызып, дүкен маңына ондаған адам жиналған. Соның салдарынан қатты дүрлігу мен ығы-жығы жағдай орнаған. Алдын ала ақпарат бойынша, бірнеше бала сол дүрлігуде адасып қалған.

Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

Маңғыстау облысы әкімдігі мен полиция департаментінен әзірше ресми түсініктеме берілген жоқ. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...