Ақтаудың орталығында жолда кроссовер өртенді

Ашық дереккөз

ЖАҢАЛЫҚТАР
486

Әлеуметті желіде Ақтаудағы Орталық жолда өртеніп жатқан көліктің видеосы тарады, деп хабарлады  MadeniPortal.kz.

Куәгерлер 8 тамызда, түстен кейінгі уақытта 12 және 14-шағынаудандар арасындағы жол бөлігінде Chevrolet Captiva автокөлігінің өртеніп жатқанын видеоға түсіріп алған.

Өңірдің Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, көліктің өртенгені туралы ақпарат сағат 14:40-та түскен.

Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер Chevrolet Captiva автокөлігінің алдыңғы бөлігі жанып жатқанын анықтады.

Өрт жедел түрде сөндірілді.

Оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) негізін қалаушы Нұрасыл Медеу оқу орнын мемлекетке сыйға б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы “Аяжан” жекеменшік клиникасында жалған медициналық құжаттар берілуі мүмкін де...