Түрмеде дәрі ішіп қайтыс болған Санияның ісі бойынша жаңа мәліметтер жария болды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
218

Түрмеде көз жұмған Санияның ісі бойынша қамауға алынған қызметкерлердің адвокаты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Журналист Михаил Козачковтың хабарлауынша, марқұмның өлімінен кейін қамауға алынған уақытша ұстау изоляторының екі қызметкерінің адвокаты Талғат Есімов олардың қамауға алынуы заң талаптарына сәйкес келмеуі мүмкін екенін айтты.

Қорғаушының сөзінше, күдіктілерге тағылған қылмыстық бап бойынша ең ауыр жаза – төрт жылға дейін бас бостандығынан айыру. Осыған байланысты оларды қамауда ұстаудың орнына үйқамақ немесе кепіл түріндегі бұлтартпау шарасын қолдануға мүмкіндік болған.

Сонымен қатар адвокат қылмыстық жауапкершілік тек кезекші көмекшілеріне жүктеліп отырғанын, ал изолятор басшылығының әрекеттеріне әзірге құқықтық баға берілмегенін атап өтті.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қостанай облысындағы Қостанай – Қарабұтақ тасжолында екі жеңіл көлік бетпе-бет соқтығысып, екі...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Тамыз — жаздың соңғы айы. Елдің оңтүстігі мен батысында негізінен ыстық, ал солтүстік жартысын...