Алматы әкімдігінде екі жаңа басқарма құрылады

ЖАҢАЛЫҚТАР
2669

Алматы әкімдігінде екі жаңа басқарма – сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы және қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы құрылады. Мәслихат отырысында мұндай ұсынысты Алматы қаласы әкімі аппаратының басшысы Бейбіт Шаханов айтты, деп хабарлайды madeniportal.kz.

Мемлекет басшысының сейсмикалық қауіпсіздікті күшейту және қоғамдық кеңістіктерді сапалы дамыту жөніндегі тапсырмаларын орындау үшін, 2 жаңа басқарма құру ұсынылады. Біріншісі – Сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасы. Екіншісі – Қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасы, - деді Бейбіт Шаханов.

Қалалық мәслихат кезектен тыс XIV сессия барысында сейсмикалық қауіпсіздік және жұмылдыру дайындығы басқармасын, сондай-ақ қоғамдық кеңістіктерді дамыту басқармасын құруды бекітті.

Қосымша адам саны болмайды. Сондықтан бюджеттен бұл басқармаларды құру үшін қосымша қаражат қажет етілмейді. Қызметкерлер өзге басқармалардан және аудан әкімдіктерінен алынады, - Бейбіт Шаханов.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Белгілі саясаткер әрі қоғам қайраткері Бахыт Түменова өмірден өтті. Бұл туралы мәж...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазір әлеуметтік желілерде продюсер Баян Алагөзова мен жұбайы Тұрсын Алагөзовтың қазақ киносының аңы...