Ақтөбе облысында күйік шалған жұмысшы ауруханада көз жұмды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
113

Ақтөбе облысында бензин құю кезінде ауыр күйік алған 46 жастағы жұмысшы ауруханада қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу үшін бір апта бойы күрескенімен, жарақаты тым ауыр болған, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Қайғылы оқиға 13 қазанда болған. Алдын ала мәлімет бойынша, екі жұмысшы бензинді бір ыдыстан екіншісіне құйып жатқан кезде өрт шығып, екеуі де ауыр күйік жарақатын алған.

Зардап шеккендердің бірі – 46 жастағы Жұбандық Дүйсембаев. Оның денесінің 85 пайызын күйік шалған.

Оқиғадан кейін екі жұмысшы да санитарлық авиацияның көмегімен ауданнан Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілген. Дәрігерлер науқастардың жағдайы ауыр болғандықтан, емдеу жұмыстарына Астанадан мамандарды да тартқан.

Жұбандық Дүйсембаев жансақтау бөлімінде ем қабылдаған. Алайда дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

Ақтөбедегі №1 көпбейінді аурухананың травматолог дәрігері Нұрлан Әбішев науқастардың жағдайына қатысты түсініктеме берді.

"Емдеу барысында науқастардың бірін санитарлық авиациямен Астана қаласына жібердік. Екінші науқас жарақатының ауырлығына байланысты, денесінің 85 пайызын күйік шалғандықтан, қайтыс болды", – деді дәрігер.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысы бойынша Әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау комитеті департаментінің бас...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақтауда ер адам әйелінің тісін сындырып, шашын алып тастағаны туралы ақпарат тарады. Оқиға жайында қ...