Атырауда алтыншы сынып оқушысы сұмдық әрекетке барған

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
21

Атыраудағы №14 мектепте алтыншы сынып оқушылары арасында жанжал шығып, олардың бірінен пышақ табылды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Оқиға 21 қазанда болған. Алдын ала ақпаратқа сәйкес, оқушы мектепке пышақ әкеліп, өзін ренжіткен сыныптастарына қоқан-лоқы көрсеткен.

Басылымның жазуынша, бала қатарластары тарапынан буллингке ұшыраған болуы мүмкін. Дегенмен бұл жайттың нақты мән-жайы әзірге белгісіз.

Пышақты көрген оқушылар мұғалімге хабарлаған. Педагог полиция қызметкерлері мен жанжалға қатысқан балалардың ата-аналарын шақырған. Алдын ала мәлімет бойынша, оқушылармен және олардың ата-аналарымен профилактикалық әңгіме жүргізілген.

Атырау облыстық полиция департаменті оқушылар арасында жанжал болғанын және бірінен пышақ табылғанын растады. Сонымен бірге ведомство мектепте пышақтасу болды деген ақпаратты жоққа шығарды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысында өлі күйінде табылған Бауыржан Асаиновтың қазасына қатысты тың ақпарат пайда болды,...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Чилиде ұшаққа найзағай түсіп, салон жарқ ете қалды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Антофагастадан...