Хромтауда 14 жастағы мектеп оқушысы зорланған

ашық дереккөзден

ЖАҢАЛЫҚТАР
672

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, 14 жастағы мектеп оқушысы зардап шеккен, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Қылмыс жасады деген күдікпен 25 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Оның кәмелетке толмаған қызбен таныс болған-болмағаны, сондай-ақ қылмыстың қандай жағдайларда болғаны анықталуда.

«Қазіргі уақытта қажетті тергеу және процессуалдық іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр. Қылмыстық процесс қатысушыларының барлығының уәждері тексерілуде, дәлелдемелер жиналып, талдануда. Тергеу органдары істің барлық мән-жайын мұқият анықтап, зерделеуде. Толық әрі жан-жақты тергеу қорытындысы бойынша заңды және негізді процессуалдық шешім қабылданады», — деп хабарлады Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Бұған дейін ШҚО тұрғындарын қызды зорлаған адамға шығарылған үкім ашуландырған еді.

 
 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Көкшетауда жекеменшік тұрғын үйден өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, өртке найзағайдың түсуі себ...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Әлеуметтік желіде кеңінен тараған «Курьер ана» видеосының авторы Алмат Несіпқалиев аталғ...