«Лайк» үшін пышақ сұққан: БҚО тұрғынына жаза тағайындалды

ЖИ

ЖАҢАЛЫҚТАР
282

Батыс Қазақстан облысында әйелінің Instagram-дағы суретіне «лайк» басқан ер адамды пышақтаған тұрғынға сот үкімі шықты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

Жәнібек аудандық сотының мәліметінше, оқиға 10 мамыр күні түнде болған. Сотталушы жұбайының фотосуреттеріне «лайк» басқан ер адаммен жанжалдасып, оның іш және жауырын тұсына бірнеше рет пышақ сұққан. Жәбірленушінің ішкі ағзалары зақымдалып, денсаулығына ауыр зиян келген.

Сотта айыпталушы кінәсін толық мойындап, жәбірленушіден кешірім сұрады.

Сот оны Қылмыстық кодекстің 106-бабының 1-бөлігі бойынша кінәлі деп танып, 3 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Алайда жаза шартты деп есептеліп, сотталушыға 3 жыл пробациялық бақылаубелгіленді.

Оған түнгі уақытта үйінен шықпау, рұқсатсыз тұрғылықты және жұмыс орнын өзгертпеу, басқа елді мекендерге бармау және алкоголь сатылатын қоғамдық орындарға кірмеу секілді шектеулер қойылды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыда 37 жастағы полиция қызметкері Аслан Әлсеровтің қазасына байланысты қозғалған қылмыстық іс б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Танымал әнші Жігер Ауыпбаев пен оның жары Муминаның TikTok желісіндегі видеолары қызу талқыға түсті....