Әуежайда ерлік танытқан адам танымал әншінің ағасы болып шықты

Коллаж: Orda.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
2699

Алматы әуежайында қарулы адамды залалсыздандырған ер адам "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымовтың ағасы болып шықты, деп хабарлайды Madeniportal.kz Orda.kz сайтына сілтеме жасап.

Кепілге алынған қыздың орнына өзін ұсынған ер адамның аты-жөні Мұса Әбдірайым екені белгілі болды. Артынша, оның "Жігіттер" квартетінің әншісі Бағлан Әбдірайымовтың әкесінің жақын туысы екені анықталды.

Әнші Orda.kz тілшісіне Мұса Әбдірайымовтың туысы екенін растады. Оның айтуынша, ағасымен бүгін таңертең ғана көріскен. Әлеуметтік желіде тарап кеткен видеоны әнші өзі көріп, таңғалғанын жеткізді.

«Ол кісі жалпы кикбокспен айналысқан, шымыр адам. Баяғыдан сондай болатын, әділетсіздік көрсе немесе төбелес болып жатса, жүгіріп барып ажыратып алатын. Мұса – бес баланың әкесі әрі батыл адам. Бағанадан бері оны мемлекеттік наградаға ұсынғанын естіп, таңғалып жатырмыз», – деді Бағлан Әбдірайымов.

Сонымен қатар, әнші өзінің Instagram желісінде ағасының дер кезінде шешім қабылдап, қызды құтқарып қалғанын айтып, жазба жариялады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақстандық әнші Алтынай Жорабаева қызының құдалығына орай Қордайға барғанын әлеуметтік желідегі па...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Меркіде көз жұмған Мадинамен перзентханада болған келіншектің жазбасы тарады, деп хабарлайды MadeniP...