Әуежай жолында жарыс ұйымдастырған "шумахерлер" жазаланды

Фото: видеодан скриншот

ЖАҢАЛЫҚТАР
746

Ақтөбеде әуежай жолында көлікпен жарыс ұйымдастырған шумахерлер жазаланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Патрульдік полиция қызметкерлері Әлия Молдағұлова атындағы әуежайға апаратын автожолда жарыс ұйымдастырған екі жүргізушіні анықтады.

Бейнебақылау камералары күндізгі уақытта BMW және Chevrolet автокөліктерінің жоғары жылдамдықпен қозғалып, қауіпті маневрлер жасап, іс жүзінде көше жарысын ұйымдастырғанын тіркеді. Олар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзып, басқа жол қозғалысына қатысушылардың өмірі мен денсаулығына нақты қауіп төндірген. Жүргізушілердің жеке тұлғалары анықталды. Құқық бұзушыларға қатысты тиісті баптар бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылып, көлік құралдары арнайы айып тұрағына қойылды, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі. 

Полиция департаменті жолдағы мұндай әрекеттердің жол берілмейтінін және оның ауыр салдары бар екенін ескертеді. Қауіпсіздікке қатер төндіретін жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу фактілері анықталып, заңнама аясында қатаң түрде жолы кесілетін болады. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Актер әрі сценарист Рамазан Амантай әлеуметтік желіде өзінің сыртқы келбетіне қатысты пікір білдірге...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Мемлекеттік қызметкерлерге әлеуметтік желі мен мессенджерлерді қолдануда абай болу ескертілді, деп х...