Әскер, құқық қорғау органдарында жүрген азаматтардың жеке өмірлеріндегі ұстанымдарын, бос уақытта не...
15 жасқа толмағандарға әлеуметтік желіге кіруге тыйым салынады
Фото: freepik
Түркияда 2026 жылғы 1 қарашадан бастап 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерді пайдалануға тыйым салынады. Тиісті ереже 10 қазанда елдің ресми Resmî Gazete басылымында жарияланды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Жаңа талапқа сәйкес, әлеуметтік желі платформалары пайдаланушылардың жасын тіркелу кезінде мемлекеттік e-Devlet порталы арқылы тексеруге міндеттеледі. Белгіленген жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желілерде жеке аккаунт ашуға рұқсат берілмейді.
15 жастан асқан жасөспірімдерге де бірқатар шектеу енгізіледі. Олардың әлеуметтік желідегі парақшалары міндетті түрде жабық болуы тиіс. Сондай-ақ жасөспірімдерге тек өз оқырмандарынан ғана жеке хабарлама алуға рұқсат етіледі.
Бұдан бөлек, жасөспірімдерге тікелей эфир жүргізуге, жеке қызығушылықтарына негізделген жарнамалар мен басқа аккаунттардың ұсыныстарын алуға тыйым салынады. Телефон кітапшасындағы байланыстарды және өзге сервистердегі деректерді әлеуметтік желілермен синхрондау мүмкіндігі де шектеледі.