Батыс Қазақстанда бір үйдің бес баласы өртеніп кетті

Сурет ашық дереккөзден алынды

ЖАҢАЛЫҚТАР
1061

Батыс Қазақстан облысы Сырым ауданының Жымпиты ауылында ауыр қайғылы жағдай орын алды, деп хабарлады MADENIPORTAL.KZ.

Балалары бар отбасы тұрып жатқан тұрғын үйде өрт шыққан. Бесеу бірдей бала өрт өнімдерінен улану белгілерімен ес-түссіз күйде ауруханаға жеткізілді.

Дәрігерлер оларды құтқаруға тырысқанымен, өкінішке қарай, балалар есін жимастан көз жұмды. Қайтыс болған балалардың жасы бір жастан алты жасқа дейінгі аралықта болған. Барлығы — бір отбасының балалары.

Алдын ала деректер бойынша, өрттен уланудың себебі — көмірқышқыл газына (угарный газ) тұншығу.

«Мой город» басылымының хабарлауынша, отбасы жалдамалы үйде тұрған. Әкесі жергілікті бос уақыт өткізу орталығында шаруашылық меңгерушісі болып жұмыс істейді, ал анасы дүкенде сатушы. Өрт болған сәтте ата-аналары үйде болмаған, олар жұмыста болған.

Қазіргі уақытта оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізілуде.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматы – Орталық Азиядағы ең жылдам өсіп жатқан туристік хаб, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.А...

ЖАҢАЛЫҚТАР

15 жастағы қызылордалық қызды 21 жастағы колледж студенті бірнеше рет зорлаған. Жәбірленуші жігітпен...