Астаналық жігіт біреудің көлігін суретке түсіріп, рұқсатсыз сатып жіберген

Фото: ЖИ/MadeniPortal.kz

ЖАҢАЛЫҚТАР
425

Астанада аса ірі мөлшерде алаяқтық жасады деген күдікпен 29 жастағы ер адам ұсталды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz ІІМ-ге сілтеме жасап. 

Күдікті танысының сеніміне кіріп, оның Toyota Camry көлігін суретке түсіріп алғаны анықталды. Кейін осы фотосуреттерді пайдаланып, басқа бір танысына көлікті сатып алуды ұсынған.

Көлікті төмендетілген бағамен сатып жіберген. Сонымен қатар ер адам сатып алушыға автокөліктің өзіне тиесілі емес екенін және оны иеліктен шығаруға құқығы жоқ екенін айтпаған.

Нәтижесінде Toyota Camry иесіне 11,5 миллион теңге көлемінде шығын келтірілді. Жәбірленуші полицияға арызданғаннан кейін күдікті анықталып, ұсталды. Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Полиция азаматтарды автокөлікті өткізуді құжат жүзінде рәсімдеуге және заң талаптарын сақтауға шақырады. Тіпті таныстар туралы сөз болса да, ауызша келісіммен шектелуге болмайды, өйткені бұл алаяқтыққа әкеп соғуы мүмкін. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматылық дәрігерлер салмағы 679 грамм болып дүниеге келген шақалақты аман алып қалды, деп хабарлайд...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Үндістанда 22 жастағы ер адам жүкті көңілдесін өлтіріп, оның денесін бөлшектеп, кейбір бөліктерін по...