Бауыржан Байбекті тонаған күдікті ұсталды

Фото: әлеуметтік желі

ЖАҢАЛЫҚТАР
167

Астанада Алматының бұрынғы әкімі Бауыржан Байбекке тиесілі құны шамамен 90 миллион теңге болатын қымбат сағаттар ұрланды. Күдікті түпнұсқаларды алдын ала сатып алған көшірмелермен ауыстырып кеткен, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Полиция мәліметінше, ұрлық Байбек отбасы шетелге кеткен кезде жасалған. 31 жастағы Нұрболат есімді ер адам бұрынғы шенеуніктің көмекшісінің көмекшісі болған. Ол үйдің ішіндегі заттардың орналасуын білген.

Тергеу нұсқасына сәйкес, күдікті қызметтік көліктен алдын ала алған қосалқы кілт арқылы үйге кірген. Алайда қымбат сағаттарды бірден алып кетпей, олардың орнына көшірмелерін қалдырған.

Ол Breguet, Blancpain, Hublot, Jaeger-LeCoultre және A. Lange & Söhne маркаларының көшірмелерін алдын ала сатып алып, үйдегі түпнұсқа сағаттарды солармен алмастырған.

Үй иелері шетелден оралғаннан кейін сағаттардың түпнұсқа емес екенін байқап, полицияға хабар берген.

Күдікті ұсталып, қылмысын мойындаған. Сонымен қатар ұрланған сағаттарды сатып алған адамның аты-жөнін құқық қорғау органдарына айтқан.

Қазір аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Бұл туралы Астана қаласының полиция департаменті хабарлады.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Астанада салынып жатқан тұрғын үйден өрт шықты, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Елордадағы Сарайшы...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Оралға жақын Круглоозерное ауылында 10 жастағы бала электр қосалқы станциясының аумағында тоқ соғып,...