Тоқтар Серіков Мейрамбек Беспаевпен құда болғыы келмейтінін айтты

ашық дереккөзден алынған

ЖАҢАЛЫҚТАР
585

Әнші Тоқтар Серіков Жетінші арнадағы «Әйгерім Сейфолланың сырласуы» бағдарламасында досы Мейрамбек Бесбаевпен неліктен құда болғысы келмейтінін айтты, деп хабарлады MadeniPortal.kz.

«Мейрамбекті досым емес, ағайынымдай жақсы көремін. Ертеңгі күні менің ұлым мен оның қызы көңіл жарастырып, құда боламыз деп жатса, мен күйзеліске түсіп қалуым мүмкін. Себебі Мейрамбегімді ешқандай жамандыққа қимаймын, жан дүниемнің жартысы секілді болып кеткен. Ол маған туыс болып кету керек сияқты. Оның баласына өз баламдай қараймын», - дейді өнер иесі.

Ол әнші Сәкен Майғазиев те балалық шақтан бірге келе жатқан досы екенін атап өтті.

«Ертең біздің балаларымыздың арасында сондай сезім пайда болса, әрине, қуаныштымыз, бірақ мүмкін емес нәрсе секілді, ондай дүниеге қимаймын. Ет жақыным, ағайыным болып кеткен. Олар үшін отқа түсуге бармын. Қазақша айтқанда, жауға да, дауға да бермеймін. Бірақ құда болғым келмейді, ертең болмайтын нәрсеге ренжісіп қалуымыз мүмкін. Дүниедегі ең қиыны сол. Сондықтан достармен дос болып қалғым келеді», - деп түйіндеді Тоқтар Серіков.

КИНО

Танымал актер Кэри-Хироюки Тагава 76 жасында дүниеден өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz. Актер...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Сот бес жасар қызды зорлады деген айып тағылған БҚО тұрғынына қатысты үкім жарияланды, деп хабарлайд...