Ақмола облысында үсіп қалған ер адам жантүршігерлік жағдайда ажал құшты

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
1301

Бүгін Ақмола облысының Зеренді ауданында, Айдарлы ауылының маңындағы Қайранкөл көлінде үсіп қалған ер адам көз жұмды, деп хабарлайды MADENIPORTAL.KZ.

ТЖМ жедел-құтқару жасағының қызметкерлері авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді.

Құтқарушыларға моторлы қайықпен балық аулауға шыққан 45 жастағы ер адамды құтқаруға тура келді. Белгісіз жағдайлармен ол суға түсіп кеткен және өз бетінше жағаға шыға алмаған.

Оқиға туралы хабар түскеннен кейін құтқарушылар жедел түрде оқиға орнына жетіп, ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізді. 

Оған алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Кейін ол дәрігерлердің қолына тапсырылды. Алайда соңғы мәлімет бойынша, ер адам үсіп қалу салдарынан көз жұмды.

ЖАҢАЛЫҚТАР

30 жыл бұрын зорлық көрген Наташа Қалымбетова қызы туралы сөз қозғады, деп хабарлайды MadeniPortal.k...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырау облысындағы Жангелдин трагедиясына қатысты сот процесі шешуші кезеңге жақындады. Бір отбасыны...