Бектенов Digital Qazaqstan жоспарын бір апта ішінде Үкіметке енгізуді тапсырды

Фото: Үкімет

ЖАҢАЛЫҚТАР
252

Премьер-министр Олжас Бектенов Digital Qazaqstan стратегиясын іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын келісу жұмысының созылып кеткенін айтып, оны шұғыл аяқтауды тапсырды, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

Үкімет отырысында Премьер-министр стратегияның қабылданғанына қарамастан, оны жүзеге асыруға арналған жоспарды келісу жұмыстары кешігіп жатқанын атап өтті.

«Digital Qazaqstan стратегиясы қабылданды. Бірақ оны іске асыру жөніндегі Іс-қимыл жоспарын келісу жұмысы созылып кетті. Жасанды интеллект министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, осы жұмысты дереу аяқтап, бір апта ішінде Үкіметке тиісті қаулы жобасын енгізуді тапсырамын», – деді Олжас Бектенов.

Аталған бағыттағы жұмыстарды бақылау және үйлестіру Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрландыру министрі Жаслан Мәдиевке жүктелді.

Осылайша, жауапты мемлекеттік органдар Digital Qazaqstan стратегиясын жүзеге асыруға арналған құжатты бір апта ішінде Үкімет қарауына ұсынуы тиіс. 

ЖАҢАЛЫҚТАР

Қазақ ұлттық спорт университетінің (KNUS) негізін қалаушы Нұрасыл Медеу оқу орнын мемлекетке сыйға б...

ЖАҢАЛЫҚТАР

Алматыдағы “Аяжан” жекеменшік клиникасында жалған медициналық құжаттар берілуі мүмкін де...