Ақмола облысында аңшылық кезінде қарудан атылған оқтан 64 жастағы ер адам қаза тапты, деп хабарлайды...
Түрікменстандағы саммитте Тоқаев орыс тілінің рөлі туралы мәлімдеме жасады
Фото: Ақорда
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД елдері арасындағы ынтымақтастықты дамытуда орыс тілінің маңызды рөл атқаратынын айтып, Халықаралық орыс тілі ұйымының қызметін қолдауға шақырды. Сонымен қатар Мемлекет басшысы әр халықтың ана тілін, тарихын, дәстүрі мен мәдениетін сақтау қажеттігін атап өтті, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.
Президенттің айтуынша, орыс тілі мемлекеттер арасындағы өзара түсіністікті нығайтуға, білім беру мен ғылым саласындағы серіктестікті дамытуға және халықтар арасындағы байланысты кеңейтуге ықпал етіп келеді.
Осыған байланысты Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық орыс тілі ұйымының болашағына сенім білдіріп, әріптестерін оның жұмысын қолдауға шақырды. Мемлекет басшысы әлемде орыс тілін әртүрлі деңгейде меңгерген 300 миллионға жуық адам бар екенін де атап өтті.
«Елдеріміз арасындағы қарым-қатынаста орыс тілінің атқаратын рөлін атап өткен маңызды. Орыс тілі өзара түсінісуге, білім беру, ғылым салаларындағы серіктестік пен адамдар арасындағы байланыс кеңеюіне ықпал етіп келеді. Бұл - айдан анық дүние. Сондықтан қадірлі әріптестерімді Халықаралық орыс тілі ұйымының қызметін қолдауға шақырамын. Дүние жүзінде орыс тілін әртүрлі деңгейде меңгерген 300 миллионға жуық халық бар. Сондықтан бұл ұйымның келешегі жарқын. Мен бұған сенімдімін. Сонымен қатар, ТМД елдерінің тілдері мен мәдени әралуандығын көздің қарашығындай сақтап, бүкіл халықтың тарихына, дәстүрі мен мәдениетіне құрметпен қарау аса маңызды», – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Мемлекет басшысы орыс тілінің халықаралық қарым-қатынастағы маңызын атап өтумен қатар, ТМД кеңістігіндегі тілдік және мәдени әралуандықты сақтауға ерекше назар аударды. Оның сөзінше, елдер арасындағы ынтымақтастық әр халықтың өзіндік ерекшелігіне, тарихы мен дәстүріне құрмет көрсету қағидатына негізделуі тиіс.