Бір топ альпинист қар көшкінінің астында қалып мерт болды

Фото: freepik

ЖАҢАЛЫҚТАР
146

Қабардин-Балқариядағы Безенги шатқалында Мижирги тауының баурайынан қар көшкіні түсіп, 11 альпинист қаза тапты. Тағы алты адам жарақат алып, ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды MadeniPortal.kz.

«Нақтылаған ақпарат бойынша, 10 адам таудан өздігінен түскен. Алты альпинист жарақат алып, медициналық мекемелерге жеткізілді. Өкінішке қарай, 11 адам өмірмен үйлеспейтін жарақат алған», – делінген хабарламада.

Құтқарушылардың мәліметінше, альпинистер тобының құрамында барлығы 33 адам болған.

Оқиға 6 қыркүйек кешке болған. Мижирги тауынан қар көшкіні түсіп, белгіленген маршрутпен өтіп бара жатқан альпинистер тобын басып қалған. Олар сол кезде Безенги шатқалында болған.

ЖАҢАЛЫҚТАР

Индонезияда Анак-Кракатау жанартауына атқылаудың салдарын түсіру үшін барған сегіз адам іздестіріліп...

ЖАҢАЛЫҚТАР

31 жастағы әйелдің денесі үйінің артындағы бақшадағы шағын үйшіктен табылды, деп хабарлайды MadeniPo...